Заманауи қонақ үй салудың перспективалары облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Marriott International қонақ үйлер желісінің өкілдерімен кездесуінде талқыланды.
“Қостанай облысы ірі халықаралық инвесторлар үшін барған сайын тартымды аймаққа айналуда. Бұл – инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі”, – деп жазды бұл туралы облыс басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.