Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.
Байқау аясында ҮЕҰ екі әлеуметтік сала – «Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау» және «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бойынша жобаларды ұсына алады.
Грант тоғыз басым бағытты қамтиды:
– Құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті насихаттау.
– Қаржылық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы несиеге тәуелділіктің алдын алу.
– Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу.
– Лудоманияның (ойынға тәуелділік) алдын алу.
– Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес.
– Жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.
– Отбасын қолдау орталықтарына арналған онлайн-психологиялық қызмет ұйымдастыру.
– Медиа арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
– Отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, балалар тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.