Қостанайда тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметі қымбаттады

Қостанайда тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметі қымбаттады

Бұл туралы «Тазалық – 2012» ЖШС әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

«Қостанай қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап тариф келесідей болады: көп қабатты тұрғын үйлер үшін бір адамға тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, тасымалдау, сұрыптау және көму құны – 694 теңге, жер үйлер үшін бір адамға – 827,73 теңге. Түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз», – делінген ресми мәліметте.

Естеріңізге сала кетсек, көп қабатты тұрғын үйлер үшін бұл қызмет түрінің ақысы адам басына  452,76 теңге, жер үйлер үшін 540,01 теңге болған еді.

Жаңалықтармен бөлісу