Облысымызда ономастикалық жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде. 2024 жылы ел аумағында ономастика саласындағы жұмыстар заңнамаларды сәйкестендіру бағытында уақытша тоқтатылуына байланысты облыстық ономастикалық комиссиясының отырысы өткізілмеген. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов әкмдікте өткен жиында айтты.
Қазіргі уақытта 2024-2028 жылдар аралығында өңірімізде елді мекендер, құрамдас бөліктер мен объектілер атауларын өзгерту бойынша Тізім Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімін алу сатысында. Бұл ретте, көше аншлагтарын жазу және орналастыруға да өңірлер тарапынан мұқият назар аударған жөн.
“Кейбір аудандар мен қалаларда бекітілген ұсыным талабына сәйкес келмеушілік орын алып жатады. Осыған орай, алдағы уақытта өзгертілетін көшелердің, сондай-ақ осы жылы аталып өтілетін бірқатар тұлғалардың мерейтой иелері есімдері берілген көше атауларын ұсыным талабына сәйкес ресімдеуді қажет деп санаймыз», – деді басқарма басшысы.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА