Кеншілер қаласында құзыреттілік орталық ашылды

Кеншілер қаласында құзыреттілік орталық ашылды

Рудный индустриалды университетінде “Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бітлестігі” АҚ қолдауымен ERG құзыреттілік орталығы ашылды. Жаңа орталық ыстық брикетті темір өндіретін кәсіпорны үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға және инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік бергелі тұр.    

Орталықтың ашылу салтанатына депутат, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Рудный индустриалды университетінің түлегі Альберт Рау, “ССКӨБ” АҚ Бас директоры Сергей Кузьменко және Рудный қаласының әкімінің орынбасары Сәкен Қоқышев пен оқытушы-профессорлық құрам қатысты.

“ERG компаниясы өңірдегі ірі кәсіпорынның бірі. Кәсіпорын әрқашан әлеуметтік салаға қолдау білідіп келеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. Қазіргі заманғы экономикада жоғары технологиялық салалармен қатар, жұмысшы мамандықтарының рөлі өте зор. Тау-кен металлургия сияқты салаларда білікті жұмысшылардың жетіспеушілігі өндірістің тиімділігіне және бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер ететіні сөзсіз. Осы орталықтың ашылуы осы мәселені шешуге бағытталған. Бұл орталық жас мамандарды дайындау арқылы елдің экономикалық өсуіне үлкен үлес қосады. Мемлекет өңдеу өнеркәсібін дамытуға, оның ішінде жұмысшы мамандықтарын дамытуға үлкен мән береді”, – деді Альберт Рау.

Орталық заманауи жабдықтармен және технологиялармен қамтылған. Ол студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, практикалық дағдыларды меңгеруге, инновациялық технологиялармен жұмыс істеуге, сондай-ақ жетекші кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Басты демеуші  – “Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бітлестігі” АҚ.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген – Балауса Жүніс

Жаңалықтармен бөлісу