Бетін шарфпен орап, қалпақ киген белгісіз адам операторды пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Күш қолданып, қорқыту арқылы әйел қылмыскерге 33 мың теңге берген.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жергілікті тұрғын, 41 жастағы күдікті, қысқа мерзімде анықталып, ұсталды.
“Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. Осы қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция мұндай қылмыстар үшін жазаның қатаң әрі заңмен жазаланатынын еске салады.