Арқалық-Торғай жолы қалпына келтірілді

Арқалық-Торғай жолы қалпына келтірілді

Биылғы су тасқыны облыстың оңтүстік өңірлерін біраз әбіргерге салды.  Өзенге жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының үйлері, қора-қопсысы,  бар мүлкі  қирап, бүлінді. Мал шығыны  көп болды. Әйтеуір бас аман. Айтпақшы, сол жолғы табиғи апаттан облыстық маңызы бар тас жолдар істен шықты. Қатынас үзілді. Бұл шалғай аудан тұрғындарына едәуір қиындық тудырған еді.

Жақында ел көптен күткен Арқалық-Торғай бағытындағы, дәлірек айтқанда Тәуіш ауылының маңындағы су жырған күре жол қайта жөндекліп, ел игілігіне айналды.

 Оны қалпына келтіруге 659 млн теңге қаражат жұмсалған.

Таяуда өңір басшысы Құмар Ақсақалов Жанкелдин ауданына барған  сапарында жөндеу жұмыстарының сапасымен танысқан. Облыс әкімі жұмыстың кешенді,  сатылы түрде іске асып, халыққа қолайлы болуын, алдағы уақытта еріген қар суына шыдас беруі керектігін қадап  тапсырған болатын.

– Бұл арада ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Барлығын жіті бақылауда ұстағ,ан жөн. Биыл осы маңда су көлкіп тұрды. Тосын апатта жолдың шыдас бергені маңызды, – деген еді Құмар Ақсақалов.

Бүгінде ауданға қарасты бірнеше тас жолды  жөндеу жұмыстары қолға алынған. жүреге Атап айтқанда, Шұбалаң-Қарасу, Торғай – Шеген – Ақшығанақ бағыттарындағы жол құрылысын таяу күндері аяқтау көзделіп отыр.

Осылайша, Торғай өңірінде су тасқынының салдары жойылып, көлік қатынасы қайта жанданды. Өңір басшысының және сала мамандарының бақылауымен барлық жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асты. Ел игілігіне бағытталған бұл шаралар аймақтың дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Әлібек ЫБЫРАЙ

            Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу