Жолдағы науқасқа шұғыл көмек көрсетілді

Жолдағы науқасқа шұғыл көмек көрсетілді

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға бүгін Арқалық қаласының Ковыльный ауылынан 25 шақырым жерде болған. Республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожол учаскесінің кейбір бөлігін қар басып қалғандықтан жедел жәрдем машинасы жүк көлігінде отырған 1980 жылы туған науқасқа жете алмаған. Көмекке Қостанайдың құтқарушылары барды.

“Шақыруды алған соң олар тез арада арнайы техникамен оқиға орнына шықты. Құтқарушылар қар құрсауында қалған жолдың бөлігін жүріп өтіп, дәрігерді жедел медициналық көмекке мұқтаж адамға жеткізді. Зардап шегушіні жолдың жүру бөлігінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне апаруға көмектесті. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында зардап шегушіге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді”, – деп хабарлайды ТЖД.

Жаңалықтармен бөлісу