Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жаңа директор

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жаңа директор

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының қаулысына сәйкес, конкурстық комиссия шешімі бойынша «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК директоры болып Жомарт Қоңырбайұлы Құсайын тағайындалды.

Жомарт Қоңырбайұлы 1976 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1998 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін  Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінен “Педагогикалық білім  магистрі” атанып шықты.

Педагогика саласындағы еңбек өтілі – 26 жыл. Ол әр жылдары мынадай қызметтер атқарды:

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тәжірибелік қазақ тілі кафедрасының оқытушысы (1998 жыл);

– А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тәжірибелік қазақ лингвистикасы кафедрасының оқытушысы (1998-1999 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы (1999-2001 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы (2001-2002 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы (2002-2004 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы (2004 жыл);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің “Қазақ тілі және әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық-әлеуметтік факультет директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері жүктелген (2004-2005 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы (2005-2007 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті деканы орынбасарының тәрбие ісі жөніндегі міндеттер жүктелді (2007-2009 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы (2009 жыл);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті деканы орынбасарының тәрбие ісі жөніндегі міндеттер жүктелді (2009-2011 жылдар);

-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2011-2012 жылдар);

-Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі” КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2012 жыл);

-Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі” КМҚК директоры (2012-2024 жылдар);

Ол көп жылдық еңбегі үшін Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының, ҚР БҒМ грамоталарымен, алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин төсбелгісімен, Рудный қалалық әкімдігінің, маслихатының мадақтамаларымен марапатталған.

Жаңалықтармен бөлісу