Меңдіқаралық шебер мүсін жасаудың тың әдісін қолданысқа енгізді

Меңдіқаралық шебер мүсін жасаудың тың әдісін қолданысқа енгізді

Боровской өнер мектебінде жұмыс істейтін Динара Айсина өз сабағына жаңашылдық енгізіп, ізденгенді жақсы көреді. Енді ол гипс материалын қолданып, балаларды мүсін жасауға баулып жүр.

Өзі екі жыл бұрын гипс материалына қызығып, оны зерттеп, кейін балаларға да қыр-сырымен таныстырады. Ағашпен жұмыс істеу, күйдіру, матадан, тоқыма жұмыстарын жасау да олардың оқыту бағдарламасына енгізілген.

«Әр оқушының шығармашылық қабілеті әр үрлі. Баланың талпынысына қарай түрлі тапсырма беремін. Үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, түрлі жаңа әдістер мен материалдармен эксперимент жасауға бейіммін. Шәкірттерім моншақтармен жұмыс істеп, өздерінің жеке шығармашылық бағыттарын таңдайды», – дейді Динара Айсина.

Ол мұны тек хобби емес, кәсіпке айналдыруға болатынын, осы арқылы ақша табуға болатынын да ұғындырғысы келеді. Осылайша бизнес жүргізу үшін қажетті дағдыларды дамытуға септігін тигізіп жүр. Оқушылар өздері жасайтын қолөнер бұйымдарын сатуға да машықтанған. Мүмкін болашақта жолдарын тауып, істерін бастап кетер. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу