7 июня, 2025
Қостанай облысында жолдар жабылды

Қостанай облысында жолдар жабылды

Бүгін қалың тұманға байланысты сағат 08:30-дан бастап республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көлік қозғалысын шектеу және жабу туралы шешім қабылданды.
-Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» Р-36 тас жолының 8-216 шақырымы (Тобыл қаласынан Октябрь ауылына дейінгі аралық);

— «Екатеринбург-Алматы М-36 тас жолының 463-539 шақырымы (Қостанай қаласынан Федоров ауылына дейінгі аралық);
-«Екатеринбург-Алматы» М — 36 тас жолының 589-683 шақырымы (Щербаков ауылынан Сарыкөл ауылына дейінгі аралық) көліктің барлық түрі үшін жабылды.