23 мая, 2025
Ұландықтар жоғалған телефонды иесіне қайтарып берді

Ұландықтар жоғалған телефонды иесіне қайтарып берді

23 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қырағылық танытты.

Әскери бөлім жасағы күнделікті қызметтеріне кірісіп, қала көшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген.  Кенет лейтенант Малқар Тимур бастаған әскери жасақ қатардағы Евгений Жуков және қатардағы Максим Бондаренкомен бірге Абай көшесі бойынан «Айфон 15 про» маркалы ұялы телефонды тауып алған. Көп ойланбастан, әскери жасақ бастығы әскери наряд кезекшісіне хабарласып, баянат жасап, телефон иесін іздеуге кіріскен. Арада көп уақыт өтпестен, телефон иесін тауып, ұялы телефонды қайтарып берді. Ұялы телефон иесі ұландықтардың қызметіне алғысын білдірген.

                                                            ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі