Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко Қазақстан Республикасы күні қарсаңында білім беруді, әлеуметтік саланы, ғылым мен экономиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ міндеттерін үлгілі орындағаны және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін “Құрмет” орденімен марапатталды.
Награданы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.
Бұл марапат директордың білім беру процесін дамытуға, автомобиль саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға және қоғам өміріне белсенді қатысуға қосқан елеулі үлесіне берілген баға. Колледжде жұмыс істеген жылдары Дмитрий Павленко студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи инфрақұрылымын құра отырып, инновациялық білім беру жобаларында көшбасшы болды. Оның басшылығымен Қостанай автомобиль көлігі колледжі қарқынды дамып келе жатқан машина жасау және автомобиль салаларында жұмыс істеуге дайын мыңдаған мамандарды дайындап, жаңа биіктерге жетті.
“Марапат тек кәсібилік пен адалдықты ғана емес, сонымен қатар Қостанай өңірінің әлеуметтік және мәдени әл-ауқатын жақсартуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметті де атап көрсетеді. Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры өскелең ұрпақ үшін үлгі, бұл мақсатқа берілгендік пен адалдық айтарлықтай нәтиже беретінін көрсетеді”, – деп жазды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.