- Бүгін Республика күні қарсаңында облыс журналистерін марапаттауға арналған іс-шара өтті.
Аталған мереке қарсаңында биыл екінші рет өтіп отырған өңірлік БАҚ қызметкерлері байқауының жеңімпаздары анықталды. 13 аталым бойынша сынға түскен журналистер қатарында облыстық “Қостанай таңы” газетінің тілшілері де бар. “Қайырымдылық — қастерлі іс” аталымында Әлібек Ыбырай топ жарды. Сондай-ақ “Еңбек адамы” номинациясының жүлдесін Арқалық қаласындағы меншікті тілшіміз Мұрат Жүнісұлы иеленді.
Тағы бір айта кетерлігі, осы іс-шара аясында БАҚ өкілдері арасында зияткерлік ойын өтті. Оған да елеулі ақшалай жүлде тігілген. 1-орынды “Арна” газетінің ұжымы иеленді. 2-орын “Наш Костанай” тобына бұйырса, меншікті тілшілер командасы 3-орынды қанжығалады.
Толығырақ газеттен оқи аласыздар