Қарабалық ауданының Бозкөл ауылында мешіт ашылды

Қарабалық ауданының Бозкөл ауылында мешіт ашылды

Мешітті Қарабалық ауданына қарасты сол ауылдың тумасы, бүгінде Астана қаласында тұратын Бақытжан Қасымұлы Ертаев өз демеушілігімен салып, халықтың игілігіне берді деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметі.

Ауылдық мешіттің ашылуына облыс Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, найб имам Әлішер Балахмет және Серік Рахым қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қуанышты сәтке халық көп жиналды.

“Мешіт – адамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа, ізгілікке бастайды. Өмірге деген үміт шырағын жағады. Сондықтан бүгінгі мешітіміз талай жанға мейірім шуағын сыйлап, игі істер атқаруына себеп болар орын болғай. Бақытжан ағамызға жамағат атынан Алла разы болсын”, – деп шынайы алғысын айтты бас имам.

Жаңалықтармен бөлісу