Әулиекөлдіктер “Таза Әулиекөл” ауқымды экологиялық акциясы аясында  ауыл көшелерімен жүгіріп өтті

Әулиекөлдіктер “Таза Әулиекөл” ауқымды экологиялық акциясы аясында  ауыл көшелерімен жүгіріп өтті

Жүгіру – бұл жай ғана спорттық жарыс емес, “Таза Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға бағытталған жарқын оқиға.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Егор Чернов  бұл іс-шара халықты, әсіресе, жас ұрпақты табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу үшін ұйымдастырылғанын айтты.

 Әулиекөлдіктер бір жыл ішінде біз   9220 тонна қоқысты полигонға шығарып үлгеріпті. Бірнеше  рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің көзі жойылған. Иесіз қалған ғимараттар мен құрылыстар бұзылып, аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

“Қазіргі таңда 40 000 шаршы метрден астам шөп шабылды. 11 шақырымнан астам қоршау орнатылды, “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының сенбіліктеріне алты мыңнан артық адам қатысты. Орталық алаңдар абаттандырылып, екі субұрқақ жөндеуден өтті. Бұл тек бастамасы”, – дейді  бұл туралы Егор Чернов.

Жүгіру бағыты ауылдың ең көрікті жерлерімен өтеді. Қатысушылар таза ауада, табиғат аясында шынығатын болады.

Жарысқа 14 жастан 80 жасқа дейінгі әр түрлі жастағы жүзден астам адам қатысады. Ауыл ақсақалы қалың бұқараның саламаттығын арттыратын осындай жиындарды асыға күтетінін айтады.

“Біздің ауылда осындай іс – шара өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын. Бұл табиғатқа қамқорлық жасап қана қоймай, отбасымен, ауылдастармен уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік”, – де”ді спорт ардагері Рафкат Мұхтаров.

“Таза Әулиекөл” жарысын ауылдықтар бірлік пен қамқорлықтың белгісі деп ұғады. Игі бастама жақсы дәстүрге айналып, өзге аудандарға үлгі болуы тиіс.

Жаңалықтармен бөлісу