«Дулатов оқуларының» тарихы мен географиясы жыл сайын кеңейіп келеді

«Дулатов оқуларының» тарихы мен географиясы жыл сайын кеңейіп келеді

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік университетінде  «Қазақстанда дуальды оқытумен агроэкология бакалавриат бағдарламасын әзірлеу жобасы аясында Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ  құрылтайшы Мадияр Юнусов, Президенті Рихсибай Мамедов, Қостанай облысының әкімнің орынбасары Ринат Мұхаметқали, Нови Сад университетінің экономика факультетінің доценті Татьяна Бранков (Сербия) және шетелдік ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардың, энергетикалық компаниялардың және А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті АЕҚҚ мен Челябі мемлекеттік университеті ҚФ қоса алғанда, Қазақстанда агроэкологияны дамытуға басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Қостанай қалалық маслихат депутаты Арман Исмаилов құттықтап, «Агроэкология» және «Агрономия» білім беру бағдарламалары үшін ресурс ретінде зертхананы ашудың маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ білім алушылар топырақ үлгілерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеріп,  топырақты зерттеу саласындағы ғылыми әлеуетті күшейте алады.

– Облыстың жетекші жоғары оқу орындарының бірінің базасында топырақ және агрохимиялық зерттеулер зертханасының ашылуы оқу орнын дамытудағы маңызды қадам болып қана қоймай, университеттің білімі мен ғылыми әзірлемелерін жетілдіруге деген ұмтылысты көрсетеді, сондай-ақ, жалпы облыстағы аграрлық білім мен ғылымның дамуына серпін береді. Мұнда дәл және тереңірек зерттеулер жүргізілетініне, топырақты өңдеудің инновациялық әдістері әзірленетініне және егістіктеріміздің өнімділігін жақсартатынына сенімдімін. Өздеріңіз білетіндей, жақында біздің өңірде ғылыми-техникалық кеңестің қызметі іске қосылды, онда келешекте «Мемлекет-ғылым-бизнес» коалициясында серпінді жобалар іске асырылатын болады. Сондықтан зертхана ғылыми зерттеулерге арналған орын, студенттерді оқытуға, сала мамандарының, агрономдар  мен экологтардың біліктілігін арттыруға арналған бірегей алаң, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірлескен жобаларын талқылау жөніндегі диалог алаңы болады деп санаймын, – деді Ринат Зәкиұлы.

Зертхана халықаралық ұлттық сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін болады. Болашақта фермерлік шаруашылықтар үшін топырақ, агрохимиялық талдаулар жүргізу жоспарлануда, бұл жер ресурстарын басқаруды жақсартуға және өнімділікті арттыруға ықпал ететін болады.

–Біздің оқу орнының базасында топырақтану және агрохимия зертханасы ашылды. Топырақтың қасиетін, құнарлығын, топырақтағы макро-микро элементтерді анықтаймыз. Мұндай зертхана қажет. Себебі, біз жерді өңдеу арқылы топырақтағы өсірілген дәңді-дақылдар болсын, шөптестің дақылдары, көпжылдық шөптес өсімдіктер болсын, біз сол арқылы тамақтанамыз. «Ас – адамның арқауы» дейді ғой таза тамақ жеу, ішіндегі дәрумендер дұрыс болуы барлығы топырақтың бойындағы құнарлығына байланысты. Оның таза әрі ауыр металл мөлшеріне байланысты. Сол себептен өзекті тақырып және бұл бірнеше бағыттағы ғылыми жұмыстар еліміз бойынша жүргізіліп жатыр. Онымен қатар жаңағы баламалы энергетика деп отырмыз. Бұл да негізі қажет бағыт. Себебі, энергетика көзі әрқашанда тапшы. Оны біз әртүрлі жолдармен пайдалану көзін зерттеп анықтауымыз қажет. Бұл бойынша да үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, «Дулатов оқулары» халықаралық конференцияда көп пікір, ой таластар және ортаға бірнеше сұрақтар тасталды, – деді М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің проректоры Жұлдыз Ошақбаева.

Зертхана химиялық талдаулар жүргізу үшін озық жабдықты пайдалана отырып, топырақ ресурстарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

AGROКAZ жобасының жетекшісі ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессоры Г.Есеева зертхана жетекшісі «Стандарттау және тамақ технологиялары» кафедрасының оқытушысы В.Лобазовамен бірлесіп, «Топырақ-агрохимиялық зерттеулер» зертханасын таныстырып, оның «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалары топтары үшін оқу процесіне зор үлес қосатынын атап өтті.

Айта кету керек, Ұлы тұлғамыздың есімін иеленген осынау білім ордасында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу игі дәстүрге айналған. Сондай-ақ, «Дулатов оқуларының» тарихы мен географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Ауқымды конференцияға Қазақстан мен ТМД елдерінің, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысуда. Халықаралық апта аясында Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетінде бір апта бойы халықаралық  жұмыстар жүргізілді.

Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ,

Зарина ЖҰМАҒҰЛОВА,

ҚӨУ-нің студенттері

 

Жаңалықтармен бөлісу