Қатардан қалмағанына дән риза

Қатардан қалмағанына дән риза

Республикалық референдумда өз таңдауын жасауға әркімнің де құқы бар. Елде өтетін қандай да бір маңызды шаралардан шет қалмайтын азаматтардың бірі – Арқалық қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі Қуаныш Қожахметов.

Конституциялық құқына сай өз таңдауын жасауға бекінген қала тұрғыны ел қатарлы үйден дауыс беруге өтінім берген екен.Абай көшесі, № 64 үйдің тұрғыны, 74 жастағы қарияға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы бастауыш гимназия ғимаратында орналасқан №79 референдум учаскесінен сайлау комиссиясының мүшелері арнайы келіп, бюллетенін қолына табыс етті.

«Елімнің болашағы үшін таңдауымды жасадым. Оның ішінде менің балаларымның, немерелерімнің де келешегі бар. Әрқашан елімнің амандығын, Қазақстанымның көркейе беруін, ұрпағымның бақытты өмір сүрулерін тілеймін», – дейді батагөй ақсақал.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу