Қостанайдағы №857 референдум учаскесіне тіркелген тұрғындар науқанға белсенді қатысып жатыр.
“Жұмыс сағат 06:30-да басталды. Оған дейін бақылаушылар да келді. Таңдау жасаушылар 7:00-ден келіп жатыр. Сағат онда, бірде, үште тұрғындарға концерттік бағдарламалар ұсынамыз. Есік алдында жәрмеңке өтеді”, – дейді сайлау учаскесінің төрағасы Мәди Нұрмұхамедов.
Қала тұрғыны Мырзахмет Құлмағамбетов жан-жары Айгүл Сегізбаевамен бүгін өз таңдауын жасауға ертемен келгендердің қатарында.
“Референдумға таңдау жасауға келіп тұрмыз. Елмен әрқашан бірге болайық деген тілегіміз бар. Дұрыс бағытта біріге жұмылу әр тұрғынның азамматық борышы”, – дейді Мырзахмет Құлмағамбетов.