Энергетика саласының ардагері Үміт Баймұхамбетова Қостанай қаласындағы нөмірі 20-шы учаскеде дауыс берді. Ол бүгінгі саяси науқанды ел үшін маңызды шешім деп атады.
“Болашақ үшін керек. Сондықтан жастарға үлгі көрсетіп, референдумға қатыстым. Осы қадамның өте маңызды екенін үнемі айтып жүретінмін. Сол үшін учаскеге таңертең ерте бардым”, – дейді Үміт Баймұхамбетова.