Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-де еліміздегі негізгі референдум учаскелері ашылды.
Референдумда дауыс беру үшін барлығы 10 323 учаске, оның ішінде 59 елдегі шетелдік мекемелер жанынан ашылған 74 учаске жұмыс істейді.
Бүгінгі саяси науқанда қазақстандықтар елге атом электр станциясы (АЭС) қажет пе, жоқ па деген шешімді қабылдауы керек. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Кейбір сайлау учаскелері бір сағат бұрын жұмысын бастайды. Бұған дейін комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлағандай, таңғы 6-да дауыс беру 84 учаскеде басталады. Олар негізінен әскери бөлімдер мен кейбір вахталық елді мекендер.