Үкімет басшысының кеңесшісі Рудныйға жұмыс сапарымен келді

Үкімет басшысының кеңесшісі Рудныйға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев кеншілер қаласына іссапармен келді.

Ермек Боранбайұлы жұмыс сапары аясында Рудный жылу электр орталығына барып, қаланың жылу маусымына дайындық деңгейімен танысты.Сондай-ақ ол “ССКӨБ” АҚ байқау алаңында болып, темір рудасын өндіру үдерісіне қанықты. Министрлік өкілі металлургия саласына ғана емес, газ және соған байланысты салаларға да оң әсер ететін ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жобасына зер салды.Премьер-министр кеңесшісі іссапар соңында “Горняк” хоккей командасының, кәсіби хоккей лигасысының қатысушы тобының дайындық барысын бақылады.

Жаңалықтармен бөлісу