Жас кәсіпкерлер жоғарғы сынып оқушыларымен тәжірибе бөлісті

Жас кәсіпкерлер жоғарғы сынып оқушыларымен тәжірибе бөлісті

Кәсіпкерлер мен жоғарғы сынып оқушыларының тәжірибе алмасуы жастарды жеке бизнесін құру машығына шабыттандырып, кәсіпкерлік қызмет туралы мәлімет алуға зор пайдасын тигізеді.

Осы мақсатпен кезекті іс-шара облыстық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен Қостанай қаласының физика-математика лицейінің оқушылары үшін ұйымдастырылды.
Мұнда оқушылар М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ Мансап және бизнес көшбасшылық орталығы менеджері Нұрсұлтан Бекбаевпен нетворкинг-сессия форматында жүздесуге мүмкіндік алды.
Қатысушылар мансаптық өсудің әртүрлі аспектілерімен танысып, мамандықты сәтті таңдау, жұмысқа орналасу, кәсіби дағдыларды дамыту жөнінде құнды кеңестер алды. Нұрсұлтан бизнес саласындағы тәжірибесін жастармен бөлісті. Сондай-ақ заманауи әлемде студенттер үшін networking-тің маңыздылығын сөз етті.
“Оқушылар үшін мұндай кездесулердің мәні зор. Өйткені бүгінде әрқайсымыз болашақ мамандығымызға таңдау жасайтын кезеңдеміз. Ал бұл сұхбат, ақыл-кеңес келешекке бастар бағытымызды жаңылмай айқындап алуымызға зор септігін тигізеді”, – дейді лицей оқушысы Алина Винник.
Қазіргі таңда өңірде дуальды оқытуға 318 кәсіпорын және 33 колледж қатысады. Осылайша, студенттер шынайы жұмыс ортасында өздерінің дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Ал бұл – оқушылар білім алып шығысымен жұмысқа орналасу мүмкіндігін жақсартады деген сөз.

Жаңалықтармен бөлісу