Қостанайда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу перспективасы талқыланған кездесу өтті.
Басты спикерлер ретінде АЭС салуды қолдау бойынша облыстық штаб мүшелері Игорь Белобржицкий мен Нұрбек Әбдібеков сөз сөйледі.
Игорь Белобржицкий АЭС-тің елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті:
«АЭС салу Қазақстанды көмірсутектерге тәуелділікті азайтуға және парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік береді. Біз ядролық энергетикасыз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мүмкін еместігі туралы айтып отырмыз, бұл үкіметтің жоспары», – Игорь Белобржицкий.
Кездесуде алдағы референдумға ерекше назар аударылды, онда Қазақстан тұрғындары АЭС құрылысы мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Игорь Белобржицкидң айтуынша, біз мұндай маңызды мәселе демократиялық жолмен шешілуі тиіс екеніне сенімдіміз, әр азамат саналы таңдау жасауы керек».
Нұрбек Әбдібеков өз сөзінде, бүгінгі күні АЭС салу үшін қолданылатын технологиялар 30-40 жыл бұрынғы технологияларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Біз көпдеңгейлі қорғаныс жүйесі туралы айтып отырмыз, ол адами қателіктерді де, табиғи катаклизмдерді де болдырмайды деді.
Кездесу оң нәтиже беріп, орталық қызметкерлері бұл жобаның Қазақстан болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсінді. Қатысушылар референдумға қатысуға және ел болашағына әсер ететін таңдау жасауға шақырылды.