Үздік ұстаздар мен ардагерлер қауышты

Үздік ұстаздар мен ардагерлер қауышты

Алдағы ұстаздар мерекесіне орай, облыстың ардагерлер қауымы  «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздарымен кездесті.

Облыс әкімінің орынбасары Ринат  Мұхаметқали ардагерлердің еңбегінің арқасында тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесі қалыптасқанын, оқушылардың бірнеше буыны еліміздің толыққанды азаматтарына айналғанын атап өтті.

“Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен біраз істердің атқарылды. Мектептер салынып, заманауи пән кабинеттерінің саны артып келеді. Үкімет нысаналы мектептер мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына зор көңіл бөлуде. Өңірде шағын орталықтардың көптеп пайда болуымен қатар мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің қатары да ұлғайды. Осы жетістіктерді қоса алғанда, «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуында педагогтердің маңызы зор болды”, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Кездесу барысында қазіргі түлектердің мұғалім мамандығын таңдауына, «Педагог мәртебесі туралы» заңынының іске асырылуына бағка берілді. Ардагерлер өздерінің тәжірибелерін «Үздік педагог» конкурсының жүлдегерлерімен бөлісті. Педагогикалық еңбек ардагері Күлсін Тұяқова өз әріптестерін құттықтады.

«Біз жас педагогтермен өз құнды білімімізбен, тәжірибемен және идеялармен бөлісуге дайынбыз. Ұстаздар елдің болашағын, жаңа ұрпақты дайындайды», – деді ардагер ұстаз.

Қонақтарға “IQOSTANAY” Оқушылар сарайында қызықты экскурсия жүргізіліп, шығармашылық ұжым оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Облыстық білім басқармасы

Жаңалықтармен бөлісу