Баспасөзге неге шектеу бар?

Баспасөзге неге шектеу бар?

Қазір біздің қоғам ашық ақпаратты талап етеді. Қарапайым халықтың да көзі ашық. Басылым, телеарналардан шынайы мәліметтерді алғысы келеді.

Осы тұрғыда билік пен бұқара бір-бірінен әлі де алшақ жатыр ма дейсің. Бүгінгі ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дмитрий Кочетов пен облыс тұрғындарының кездесуі де сол жайдан хабар бергендей.

Оған мысал, алда референдум келе жатыр. Алдын ала БАҚ- қа берілген қатысу регламенті таныстырылды. Мүддеден – шектеу басым.

“Өңіріміз жайлы жақсы жетістіктерді сізден естіп қуанып отырмыз. Жергілікті БАҚ сол арнаға сай белсенді жұмыс істеп жатыр. Күні кеше алда болатын референдум талаптарын қарап шықтық. Референдум өтетін жерге әр басылымнан бір адамға ғана жіберіледі екен. Басылымдардың сайттары мен әлеуметтік парақшалары бар. Оқиғадан әрдайым материалдарды жедел беріп келеді. Осы жағы ескерілсе”, – деді облыстық”Қостанай таңы” газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы.

Вице-министр бұл жағдай ведомство құзырына жатпайтынын жеткізді. Ол жердегі барлық мәселені орталық сайлау комиссиясы өзі шешеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі мен облыс тұрғындары жайлы материалдың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА 

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков 

Жаңалықтармен бөлісу