Жерлесіміз әлем чемпионы атанды

Жерлесіміз әлем чемпионы атанды

Қырғызстан республикаларының Шолпон-Ата қаласында гір көтеруден өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан Арқалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жүлделі оралды.

Қазақстан Республикасының спорт шебері Александр Шпилевой 78 келі салмақ дәрежесінде 100 келіні бағындырып, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал, спорт шеберіне үміткер Константин Карлышев 58 келі салмақта 72 келіні көтерді. Сөйтіп екінші орынды иеленді.

Серпе көтеру жаттығуында Александр Шпилевой 214 келіні басынан асырса, Жұлқа көтеруде Константин Карлышев 105 көтеріп екінші орын алды. Халықаралық жарыстардың дебютанты Сергей Боев әзірге үздік үштіктен тыс қалды.

Жас балғындармен бірге әлем чемпионатында бақ сынаған жерлесіміз, 77 жастағы спорт ардагері Геннадий Баковскидің бірінші орынды қанжығаланын да сүйіншілей кетейік.

Үздік спортшылардың жаттықтырушысы – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Антон Цуркан.

 

Мұрат Жүнісұлы

                                          Арқалық қаласы

 

 

Жаңалықтармен бөлісу