Тіршілік көзін елге үздіксіз таратып келе жатқан “Қостанай Су” кәсіпорыны қызмет сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін қолға алды.
Жұмыс көлемін есептеу үшін алдын ала су сапасына зерттеу жүргізіледі. Мамандар талдау жұмыстарын өз күшімен қолға алып келеді. Үш айда нәтижесі белгілі болмақ.
«Су келетін тұсты түбінен тазарту жұмыстарына 29 млрд теңге қарастырылды. 290 млн теңге тарифті жақсарту үшін жалақы, химикаттар, электр құрал жабдықтары бөлініп отыр. Бірінші этап аяқталды. Энергетика басқармасымен арада шарт жасалды. Коммуналдық шаруашылық басқармасына шығып жатырмыз. Құбыр бойында қалып қойған қалдықтарды тазартуға шаралары қолға алынды. Алдағы уақытта 14 шақырым аймаққа полителен құбыр орнату жоспарда бар. Биологиялық тазарту жұмыстарын қоса есептегенде, 10 млрд теңгенің жобасы дайын», – дейді кәсіпорын басшысы Қазбек Шалабаев.
Жұмыс көлемін тұрақтандыруға баға мәселесінің өзектілігін жою тәсілдері назардан тыс қалмайды. Қызмет көрсетілетін нысандардың сипатын анықтауға өндірістік техника бөлімі жауап береді.
«Жарна көлемі жылына екі пайыздан келеді. Техникалық тексеріс әзірге нақты жасалған жоқ. Себебі есеп айырысу әдістемесіне өзгеріс енгізілді. Бұл жұмыстарды өндірістік техника бөлімі атқарып жатыр. Біздегі бар мүліктің санына қарай инженерлік желілерге жарна аударылады», – дейді кәсірорын басшысының бірінші орынбасары Әнуар Есқатов.
Бұл жерде тарифті көтеру бюджетке талдау жасау арқылы іске асатыны түсінікті.
«Нарықты қалпына келтірмей, өндіріс алға баспайтыны тағы бар. Қызмет бағалары қалыпты жағдайдан жиырма пайыз артып тұрғанымен, 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда сол қалпы қалып отыр еді деуге болады. Дағдарысқа қарсы қолға алынған Үкіметтің ұйғарымы солай. Тарифті ұстап тұру жөніндегі тапсырма берілген. Қазіргі уақытта дифференциалдық тариф кең қолданыста. Алдағы уақытта әр текше метрді бөліп алып қарайтын боламыз. Бұл пайым рационалдық тұрғыдан алып қарағанда қызмет сапасын арттыруға тиімдірек. Оған қосымша жүктемелер қосылады. Осы бағытта жылу, су тарату жүйесінің жұмысын жақсарту ескеріледі», – дейді табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің директоры Ақан Ташпанов.
Тарифті ел бойынша біркелкі қылу этап бойынша он жыл жалғасатын құбылыс. Бюджеттік мекемелерге бұл қызметке жеңілдіктер бар. Тұтынушылар үшін пайдалану коэффициенті есепке алынады.
«Тарифті ұстап тұру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Ол жалақы беруге қолданылады. Осыған бір жағы электр энергиясының өсуі тікелей әсер етпей қоймайды. Осы тұста дифференциалды тарифтің екі жаққа да тиімділігін айта кету керек. Қызмет бағасы әр текше метріне қолдану ретіне қарай алынады», – дейді кәсіпорын басшысы Қазбек Шалабаев.
Осы жерде айта кету керек, белгілі бір баға мөлшерін өкілетті орган бекітеді. Әр жылдың мамыр айына дейін өндірістік есеп беру актісі қабылданып, техникалық экпретизаға жіберіледі.
Бүгінде кәсіпорында қызмет сапасын жақсартудың алғашқы қадамдары басталып кетті.
Өткен жылдан бері негізгі екі бірдей нысанның шатырын жөндеуден өткен. Авто тұрақтың шатыры былтыр қалпына келтірілсе, биыл өндіріс алаңының төбесі жаңартылған.
«Жөндеу жұмыстарының құны 78 млн теңгеге бағаланды. Қалпына келтіру төрт айға созылды. Демонтаж жұмыстары кішкене уақыт алды. Тамыз айының ортасында нысан толық қабылданды», – дейді кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары Әнуар Есқатов.
Биыл техникалық жабдықтауға 274 млн теңге бөлінді. Былтыр төрт техника алынса, биыл екеуін әкелу жоспарда бар. Өткен жылы кәсіпорын су сору техникасы мен екі вакуумды автомобильмен қамтамасыз етілген. Соңғы маркалы экскаватор алынды. Шеберхана іші жөндеу құралдарымен толықтырылды. Биыл жұмысшыларды таситын жаңа автобус алу жоспарланып отыр. Бетон араластырғыш ауыстырылады.
Кәсіпорын қала ішіндегі жеке секторларға сапалы қызмет көрсетуге қамданып жатыр. Мәселен, Коморов-Сералин қиылысындағы су құбырын ауыстыру жұмыстары алдағы қыркүйекте аяқталмақ.
«Бұл жердегі құбырлар толығымен ауыстырылып болды. Он шақты күннің көлемінде жабыны ретке келтіріліп, жаңадан жол төселеді», – дейді Алматылық мердігер Бекжан Әбенов.
Бұл жердегі құрылыс сәуір айында басталған. Ол жұмыстарға Алматыдағы СКБ констракшн компаниясы жауапты
«Қашанда апатты жерлерді анықтап барып іске кірісеміз.Ол нысанды тауып алу үшін алдымен тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Қазір осындай мың текше аймақ жөндеуді талап етеді. Бұл шамамен үш кварталды қамтиды. Ол жерлердегі металл құбырларды шығарып, полителенмен ауыстырамыз. Ол құбыр елу жылдан астам уақыт төтеп береді. Бағасы да көңілден шығып тұр. 220 млн теңгеге екі-үш кварталды жауып тастаймыз», – дейді Әнуар Есқатов.
Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, әр тұрғынның ескі су құбыры жаңасына ауыстырылалады. Келіскен тұрғын орындалуы жөнінде актіге қол қояды. Эксплуатациядан кейін газ органына тіркеледі. Ол құжат заң органдарына беріліп қана тұтынушылық баланста болады. Құжаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін авторлық, техникалық қадағаланып, мемлекеттік бақылауға өтеді. Қызмет көрсететін өкілетті орган тарифтің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қостанайда Петропавл қаласынан келген ғылыми-техникалық су орталығының мамандарының жұмыс істеп жатқанына екі жылға жақындады. Бұл мамандар қаланың солтүстік жағалауынан оңтүстік бөлігі арқылы, батыс-орталығын тазарту жұмыстарын қамтамасыз етеді.
«Жұмысымыздың алғашқы нәтижелері жемісін берді. Ол тәжірибені бірінші рет Петропавл қаласында жүргіздік. 2005 жылдары ол жақтағы жағдай онша болмап еді», – деп еске алады орталық директоры Александра Рейбандт.
Биологиялық орталық бұл жақтағы жұмыстарын биыл аяқтауға талпынып отыр. Екінші жыл қатарынан технология әдістеріне жүгініп келді.
«Үшінші жылы “Қостанай Су” қызметкерлері өздері үйреніп іске асыратын болады. Бүгінде тоғандағы балық қармаққа іліне бастады. Бұрын ол жерде кислород аз болғасын түбінде жататын. Тазартылғасын бетіне шықты. Жемісті процесс былтыр басталған. Биыл аяқтап, келер жылы “Қостанай су” өздері қолға алады. Кейін судың химиялық жағдайын бақылап отырамыз. Тоған қазір өзімен өзі тазара бастады. Үш-төрт жылда тазарып болады», – дейді маман.
Ондағы тазарту құрылғысының сыйымдылығы – бір тонна сегіз жүз келі.
Төрт күнде мың тоннаға дейін су тазартуға қауқарлы. Су жылытатын ректоры соңғы үлгімен жабдықталған. Қазір тұрақты нәтиже көрсетіп жатыр.
Жұмыс көлемі де былтырғыдан ұлғайды. Кезекші қызмет бақылап қандай су сорғы жұмыс істеп тұрғанын бақылап отырады.
Қай жер жабық екенін анықтап, монитор арқылы судың деңгейін көре алады. Әр су сорғы қанша жұмыс атқарғанын біледі.
«Қаланың оңтүстік, орталық жағын үнемі бақылап отырамыз. Қазір қоқыстарды жинап, тазартатын алты су сорғының екеуі жұмыс істеп тұр. Төртеуі резервте. Ақау болған жағдайда ауыстырылып отырады. Жаңбырлы күндері қуат күшін арттыруға тура келеді», – дейді тазарту арна кешенінің басшысы Иван Лойка.
Айбек ЖҮЗБАЙ