Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешіті “Большевичка” тігін фабрикасымен бірігіп, “мектепке жол” акциясы аясында көп балалы отбасыдан тұратын 20 оқушыға құны 360 мың теңгенің мектеп киімін сыйға тартты.
Мәжіліс соңында жас бүлдіршіндерімізге бата беріліп, толағай табыс тіледі.
“Балалар біздің болашағымыз. Әр оқушының дұрыс білім алуы қоғам үшін өте маңызды. Осы бағытта бізде әртүрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Жазда оқушы балаларға арналған “Имани жаз” сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Онда жүз елудей шәкірт білім алды”, – деп атап өтті мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы.
Ол сауат ашу курсына арнайы Алматыдан ресми “Нұр Мүбарак” университетінен төрт, Астанадағы “Астана” медресесінен екі студент сабақ беруге тартылды. Оқуышыларды алты топқа бөліп, екі ай оқытты. Арасында қаланың мәдени ошақтарына экскурциялар ұйымдастырылып, екі мезгіл тегін тамақ берілді. Әр топқа бөліп оқытқан шәкірттерге бір мезгіл тәттілер таратылып отырды. Бәрі мектеп оқушыларына жасалған құрмет пен ілтипат екені шүбәсіз.
Сауат ашқан шәкірттерге арнайы сертификат берілді.