“Индустриясыз ешқандай өркендеу болмайды”:

“Индустриясыз ешқандай өркендеу болмайды”:

Қазақстанның Еңбек Ері, “Алтынсарин” ЖШС директоры  Борис Кньязев инвестициялық форум жайлы пікір білдірді

“Осыдан бірнеше жыл бұрын осы зауыттың жобасы туралы келісім болғанына куә болған едік. Қазір жоспар жүзеге асып, аяқталып қалғанын көріп тұрмыз. Бүгін зауыт өнім өндіре бастады. Құрастырылған қозғалтқыштар шыға бастады. Елімізде көлік құрастыру ісі қолға алынғаны үлкен мәртебе. Бұл бізге әрқашан жағымды әсер сыйлайды. Индустриясыз ешқандай өркендеу болмайды. Жақсы диалог алаңы болды. Тамаша ұсыныстар айтылды. Бір сөзбен айтқанда, кеңескен пікірлер іс жүзінде орындалып отырғанына көзіміз жетті. Осы форумға қазір шаруашылықты басқарып отырған ізбасарымды жібермегеніме өкініп тұрмын. Бұл жерде бәрін тыңдап, тәжірибе алмасатын еді. Бұл форум жастардікі”, – деді Борис Кньязев.

Жаңалықтармен бөлісу