Олжас Бектенов қазақстандық KazLLM тіл моделін әзірлеуді жеделдетуді тапсырды primeminister.kz

Олжас Бектенов қазақстандық KazLLM тіл моделін әзірлеуді жеделдетуді тапсырды

Үкімет басшысы ғылым министрлігіне қазақстандық тіл моделін әзірлеуді жеделдетуді тапсырды және алғашқы сынақтарды өткізу мерзімдерін белгіледі.

«Ғылым министрлігі Назарбаев Университетімен бірлесіп, жыл соңына дейін KazLLM үлкен тілдік моделіне арналған деректер жинауды аяқтасын. Саясат Нұрбекұлы, бірінші моделді сынақтан өткізу биылғы ІІІ тоқсанында жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, KazLLM әзірлеу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының мәдени және тілдік мұрасын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде.

https://t.me/KZgovernment

Жаңалықтармен бөлісу