Қостанай облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологияны сақтау.
Қазақстан аумағында жүргізіліп жатқан бұл бастама жұртшылықтың назарын экология мен табиғат проблемаларына, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығына аударуға арналған.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қостанай қаласының орталығында Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филаромниясы өнерпаздарының қатысуымен концерті өтті.