Ондағы мақсат –ветеринарлық құжаттар мен анықтамалар алудың кедергісіз жүргізу, жануарларды бақылауда ұстау және мал ұрлығының алдын алу.
Бұл шараға жергілікті бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп отырады. Биыл осы мақсатқа 147 млн теңге бағытталған.
“Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру” ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша, 1 қаңтарда облыс аумағында 427 100 бас ІҚМ, 449 315 қой-ешкі, 166 215 бас жылқы, 254 түйе, 69429 бас шошқа бар екені анықталған”, – дейді облыстық Ветеринария басқармасының жетекшісі Төлеген Иманбаев.
Биылдан бастап ауыл шаруашылығы жануарларына сырға сатып алуды басқарма жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатыпалым қорытындысы бойынша, әлеуетті жеткізіп берушілер өтінімдері қаралып жатыр.