Құқықтық тегін кеңес беріледі

Құқықтық тегін кеңес беріледі

Ертең «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Акция ертең сағат 17:00-де еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде ұйымдастырылады.

Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып баруыңыз қажет.

Халық заңгері акциясы ертең сағат 16.00 – де  Қостанай плаза сауда орталығында өтеді.

Ұйымдастырушылары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, Zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.

Жаңалықтармен бөлісу