Тобыл қаласында банк қызметкерлері ағаш екті

Тобыл қаласында банк қызметкерлері ағаш екті

Бүгін “Еуразиялық банк” АҚ Қостанай филиалының ұжымы сенбілікке шығып, Тобыл қаласындағы “Жаңару” аллеясына 50 түп шырша көшеттерін егіп, өңіріміздің экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Биыл Еуразиялық банк Mastercard жаһандық «Бағасыз ғаламшар» бастамасына қосылған Қазақстандағы бірінші компания болған еді. Бұл коалиция климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосу үшін дүние жүзіндегі компанияларды біріктіреді.

“Экологиялық жобаларды қолдау – біздің негізгі ұстанымдарымыздың бірі. Еуразиялық банк қайта өңделген пластмассадан жасалған эко-картаны шығаруды бастады, ол елдегі жасылдандыруды және қалдықтарды сұрыптауды қолдауға мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы екі жылда Астана, Алматы және еліміздің басқа да қалаларында түрлі ағаштар отырғызылды. Бүгінгі таңда Mastercard жаһандық «Бағасыз ғаламшар» коалициясының мүшесі бола отырып, банк өзіне, болашақ ұрпақ үшін ғаламшарды қорғауға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сана мен жауапты кәсіпкерлікті ілгерілетуге міндеттеме алды”, – деп атап өтті “Еуразиялық банк” АҚ Қостанай филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина.

Еуразиялық банк қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» акциясына осылайша үлес қосып, тұрғындарды да ат салысуға шақырды.

Жаңалықтармен бөлісу