Полицейлерді соққан адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полицейлерді соққан адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Оқиға 24 сәуірде Қарабалық кентінде болған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғыны көлігін жергілікті полиция бөлімінің жанына қойған. Оған екі полиция қызметкері жақындап, бұл туралы ескерту жасаған. Полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған ол екі қызметкерді соғып, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Полицейлердің екеуі де түрлі дене жарақаттарын алды. Облыстық ПД қазіргі уақытта құқық бұзушы ұсталғанын хабарлады.

“Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру қаупі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады”, – дейді ПД өкілдері.

Жаңалықтармен бөлісу