Beeline су басқан аудандарда байланысты қалай қамтамасыз етіп отыр?

Beeline су басқан аудандарда байланысты қалай қамтамасыз етіп отыр?

Базалық станцияларды іске қосу үшін шалғай ауылдарға су арқылы кіруге тура келеді. Қуат көзінен ажыраған аудандарда дизельдік генераторлардың жұмысын ұйымдастыру маңызды.

Жабдықтарды судан қорғау үшін  инженер-байланысшылар қалай жұмыс істегенін айта кетейік.

Жедел әрекет ету тобы

Телефон интернетке қосылып, қоңырау шалу үшін ұялы желі дұрыс жұмыс істеуі керек. Су тасқыны салдарынан кейбір базалық станциялар су астында қалды. Кейбіреулері қуатсыз қалды. Өңірлердегі ағынның күшті қысымына тек құрылымдар мен жолдар ғана емес,  электр желілері мен ұялы байланыс станцияларына да төтеп бере алмады.

Жабдықтың істен шығуы туралы сигнал түскеннен кейін оқиға орнына мамандар тобы жіберіледі.

Көбінесе межелі жерге жүзіп баруға тура келеді. Жарамсыз жабдық жаңасына ауыстырылады. Жарық жоқ жерде дизельді генераторлар қуат бере алады. Демек, жабдықты су арқылы жеткізеді. Тұрақты отын жеткізу және жанармай құю мұқият ұйымдастырылған.

Кейде суда жүгіріп жүріп жұмыс істеуге тура келеді.

Мысалы, 5 сәуір күні кешке Атырау, Құлсары және Ақтау қалаларын жалғайтын оптикалық кабель зақымдалды. Оны бөгет салу үшін топырақ өндіретін экскаваторлар іліп әкеткен. Өңірді су тасқыны жайлағанға дейін ақауды жою қажет болды. Ұялы байланыс операторының мамандары зақымдалған жерге су арқылы жетіп, түні бойы жұмыс істеді. Келесі күні таңғы алтыда “оптика” қалпына келтірілді.

Командалық жұмыс

Оператордың жалғыз өзі шамасы келмейтін жерде мәселе ортақ күшпен шешіледі. Әкімдіктер мен тұрғындар жетіспейтін генераторларды қамтамасыз етеді.  Beeline инженерлері сол жерге барып, жүйені қосады.

Мысалы, Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Саға ауылына баруға мүмкіндік болмағандықтан, инженерлерге ұшқышы бар тікұшақ берілді.

Табиғи апаттан қорғау

Атырауда базалық станциялар мен компанияның маңызды тораптарының айналасында қорғаныс бөгеттері салынып жатыр. Мүмкін болған жерде жабдық су деңгейінен жоғары көтеріледі. Бұл пайдаланушылар үшін сигналды сақтауға мүмкіндік береді. Алайда, табиғи апатты барлық жерде айналып өту мүмкін емес. Станцияларды су басуы мүмкін жерлер бар. Сол себепті абоненттерге қажет болатын мүліктің бүлінуіне жол бермес үшін оны алдын ала бөлшектеп, алып кетеді.

Отандастарға көмек

Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен-ақ Beeline су басқан елді мекендерден эвакуацияланған 38 мыңнан астам абонентті жалпы құны 150 млн теңгеден асатын тегін дыбыстық байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті (15 сәуірде). Су тасқыны жағдайы күн сайын өзгеріс үстінде. Осы кезде оператор апат аудандарына «цифрлық көмектің» жаңа пакеттерін дайындайды.

«Біз әрқашан байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін анық түсінеміз, сондықтан төтенше жағдайға тап болған отандастарды қолдауға әрқашан дайынбыз. Мақтааралдағы бөгет жарылысы мен Екібастұз ЖЭО-на апаттан кейін, тіпті Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен кейін де солай болды. Біз пандемияны да бірге бастан кештік. Қиын кезеңдерде бірігудің қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, біз өзіміздің коммерциялық қызметіміздің шеңберінен шығуға дайынбыз», – дейді Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин.

Beeline Қазақстан компаниясы 2023 жылдың қыркүйегінде құрған Zhyly Zhurek Foundation қоры қаржылық көмек жинағын ашты. Көмектесуге ниетті әрбір жан өз үлесін қосып, отандастарын қолдай алады.

«Зардап шеккен отандастарға қазақстандықтардың шетте қалмайтынын және оларға көмектесуге дайын екенін түсіну аса маңызды. Біз әрбір абонентімізге шетте қалмауға және су басқан ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуге мүмкіндік беруді шештік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында мұны істеу өте оңай: өзіңіз үшін жеке қайырымдылық сомасын анықтап, телефонда бірнеше қарапайым әрекет жасау жеткілікті», — деп жалғастырды Beeline Қазақстан СЕО-сы.

Зардап шеккендерге ақшаны қалай аударуға болады?

1-әдіс. «Менің Beeline-ым» қосымшасында:

– «Төлемдер» бөліміе өтіңіз.

– «Барлық төлем» бөлімінде «Қайырымдылық» бабын таңдаңыз.

– «КФ Zhyly Zurek Foundation» бабын шертіп, соманы жазыңыз.

– Төлеуді басыңыз. Сома теңгеріміңізден алынады.

 

 

2-әдіс. Simply қосымшасында

– Басты экранда «Қайырымдылық» бөлімін таңдаңыз.

– «КФ Zhyly Zurek Foundation» бабын шертіп, соманы жазыңыз.

– Төлеуді басыңыз. Сома картаңыздан алынады.

 

3-әдіс. ussd-пәрменмен

– Телефоныңызда *7777# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басыңыз.

– Ашылған терезеде соманы жазыңыз.

 

– Жіберу пернесін басыңыз.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу