20 июня, 2025
Ертең қала мектептері толықтай штаттық оқу форматына қайта оралады

Ертең қала мектептері толықтай штаттық оқу форматына қайта оралады

Қостанай ауданындағы ауылдарды су алуға байланысты эвакуациялық пункттер орналасқан мектептер қашықтан оқу форматында қала беретін болады.

Олар Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Мичурин жалпы білім беретін мектеп.

Қостанай ауданының қалған мектептері штаттық форматта жұмыс істейді. Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының колледждері штаттық режимде жұмыс істейді. Жанкелдин ауданының 3 мектебі мен Аманкелді ауданының 9 мектебі, Әулиекөл, Науырзым, Қарасу аудандары мен Рудный қаласының 1 мектебі қашықтан оқу форматында қалады.

Б.Мейрамұлы