Қостанай облыстық санитариялық эпедемиологиялық бақылау департаменті ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті.
Әзірге су тасқыны кезінде ішек инфекциялары, А гепатиті және басқа вирустық инфекциялар тіркелмеген. Бұл ретте жұқпалы аурулардың өршуінің алдын алу және болдырмау үшін бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр. Ең алдымен, судың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету керек.
Бүгінгі таңда күрделі су тасқыны жағдайы байқалатын барлық өңірде судың сапасы мен қауіпсіздігіне күшейтілген зертханалық мониторинг жүргізілуде.
“Ауыз су, тамақ өнімдерін санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтен өткізу ұйымдастырылды. Су сапасы жоспар бойынша қауіптілігі жоғары нүктелерден тексеріліп келеді. 300-ден астам су көздерінін сынама алынды. Барлығы нормаға сай. Эвакуациялық пункттерде жеке гигиеналық сақтау шараларын бақылау күшейтілді”, – дейді Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі басшысының міндеттін атқарушы Ботагөз Қорғанбекова арнайы өткен брифинг барысында.
Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар қазір ватсап мессенджерлері арқылы тарап жатқан түрлі қауесетке сенбеуге шақырады. Бірақ бөлім басшысы қазір жағдайға байланысты қайнамаған суды ішпеуге кеңес береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ