Қарасу, Қостанай, Бейімбет Майлин аудандарындағы ауруханалар мен Рудный, Арқалық және Қостанай қалаларындағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Су басқан және су басуы ықтимал өңірлерде 2 898 жүкті әйел бар.
Барлық жүкті әйелдер мен бір жасқа толмаған балалар ерекше бақылауда тұр. Жүкті әйелдер туған-туыстарына эвакуацияланған жағдайда, медицина қызметкерлері АМСК ұйымына уақытша тұрғылықты жері туралы актив жібереді, кейін осы емхананың қызметкерлері пациентті уақытша есепке алып және ары қарайғы бақылауын жүргізеді.
Қостанай қаласында білім беру объектілерінде 72 эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды.
Төсек-орынның жалпы саны 12 805 орынды құрайды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар үшін қаланың медициналық ұйымдарында қосымша 225 төсек орналастырылды.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында, Қостанай АА бірлесіп, медициналық көмекке мұқтаж эвакуацияланған пациенттер үшін қосымша 35 төсек орналастырылды. 2024 жылғы 7 сәуірден бастап төсектер саны 25 – ке ұлғайтылды, бұл жалпы алғанда 60 төсекті құрады.
Эвакуацияланғандардың арасында денсаулық жағдайы бойынша ауруханаға жатқызылғандары жоқ.
Барлық орналастырылған азаматтар құрамында жалпы практика дәрігері, терапевттер және педиатрлардан құрылған мобильді бригадалармен қарап-тексерілді.
ТЖ аймақтарына облыстың 26 жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді.