Арқалықтағы төтенше жағдай шаралары:  12 үйді су басу қаупі бар

Арқалықтағы төтенше жағдай шаралары: 12 үйді су басу қаупі бар

Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Асылхан Нұрғалиев мәлімдеді.

 «Бүгін Арқалық қаласының аумағында күннің күрт жылынуына байланысты қардың күрт еруі орын алды. Су басу қаупінің алдын алу үшін қауіпті аумақтарға арнайы техникалар жұмылдырылды. Қала әкімдігінен құрылған 4 мобильді топта 12 адам болды. Оған 10 адам біріктіріліп, қалалық құтқару жасағынан техникасымен тағы 7 адам тартылды. Мобильді топтардың көмегімен Северный кенті, Новый кенті және Родина ауылында су сору жұмыстары жүргізілуде. Қостанай қаласынан қосымша күш келетінін мәлімдеймін», – деді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асылхан Нұрғалиев.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты, бақылауда.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмыстар күні-түні еш тоқтаусыз атқарылатын болады.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу