Ауыр атлетика: Рио олимпиадасының жүлдегеріне қарсылас шақ келмеді

Ауыр атлетика: Рио олимпиадасының жүлдегеріне қарсылас шақ келмеді

Ауыр атлетикадан Қостанайдағы ел чемпионатының кезекті сайыс күнінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева сынға түсті.

Ерлер. 73 келі (Олимпиадалық салмақ)

1) Әлібек Рахымберді (Алматы қ.) —306 келі (131+175)

2) Ерасыл Сәулебеков (Қызылорда обл.) – 293 келі (128+165)

3) Бексұлтан Айтбай – (Қызылорда обл.) – 279 келі (119+160)

Ерлер сайысында Олимпиадалық салмақ саналатын 73 келіде чемпиондық бәсеке әуелден Әлібек пен Ерасылдың арасында өтетіндігі белгілі еді. Неге? Қос спортшының былтырғы нәтижесі:

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. 73 келі.

Ерасыл Сәулебеков — 305 келі (137+168)

Жазғы Азия ойындары. 73 келі.

Әлібек Рахымберді — 305 келі (132+173)

Ал 2022 жылғы ел чемпионатында Ерасыл топ жарса, 2024 жылы Әлібек үздік екендігін дәлелдеді.

Әйелдер. 64 келі.

1) Карина Горичева (Жетісу обл.) – 198 келі (90+108)

2) Айғаным Жанболат (Алматы облысы) – 190 келі (85+105)

3) Кира Данилова (Ақмола облысы) – 185 келі (84+101).

2016 жылы Рио Олимпиадасында 63 келіде күміс жүлде үшін соңына дейін Солтүстік Кореямен таласқан Карина Горичеваны (қос сайыста 243 келі көтерген) көпшілік ұмыта қоймаған шығар.

2023 жылы Карина Азия чемпионатында күміс жүлдемен (қос сайыста 192 келі) күптелсе, жазғы Азия ойындарында қос сайыста 210 келімен 5-орынға тұрақтаған еді.

2024 жылдағы басты мақсат — желтоқсан айындағы әлем чемпионатына қатысу. Келесі Олимпиадалық кезеңге дейін қатарда боламын деп ойлаймын. Себебі, менде күш, сенімділік, мақсат бар!

@qaz_olympics

Жаңалықтармен бөлісу