Мұғалімдердің кәсіби мерекесі басқа күнге ауыстырылды

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі басқа күнге ауыстырылды

Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтілетін күн бекітілді.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазады. Үкімет қабылдаған қаулы бойынша, бұдан былай Мұғалімдер күні 5 қазанда атап өтіледі.

“Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі”, – делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

Жаңалықтармен бөлісу