“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны – 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар).
Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.
Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды!!! Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.
18 жасқа 2024 жылы толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.
Нысаналы талаптар – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің 18 жасқа дейінгі азаматтары болып табылатын балалары алдындағы Ұлттық қорда жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50% есебінен қалыптастырылатын міндеттемелері екенін естеріңізге саламыз. Ол соңғы 18 жылда (есепті жылдың алдындағы) орташаланған кірістілік мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Нысаналы талаптар ретінде ескерілетін қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін инвестициялануын жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады.
Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайда болады. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін аударылады.
БЖЗҚ-да Қазақстан азаматтары болып табылатын және ағымдағы жылы 18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталған ақша нысаналы жинақтар деп аталады. Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгіне алады. БЖЗҚ-мен келісім жасасқан және “Ұлттық қор – балалар” бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін уәкілетті операторлардың тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған.
БЖЗҚ “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды (жинақталатын инвестициялық кірісті қоса алғанда) АҚШ долларымен есепке алуды жүзеге асырады, сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар бойынша ақпарат береді.
Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Мұнда сіз, сондай-ақ, бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықпен танысып, өзіңізді қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз. Ата-аналар өз балалары бойынша есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде тексере алады.
Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.
Еліміздің жасы, жынысы, өңірлері бөлінісіндегі есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында тұрақты түрде орналастырылатын болады.
Нысаналы талаптарға/нысаналы жинақтауға қатысушылардың
жынысы мен туған жылы бойынша саны:
туған жылы |
жынысы |
||
еркек |
әйел |
барлығы |
|
2006 |
156 003 |
148 812 |
304 815 |
2007 |
169 535 |
161 122 |
330 657 |
2008 |
187 098 |
177 706 |
364 804 |
2009 |
185 549 |
174 688 |
360 237 |
2010 |
189 443 |
179 762 |
369 205 |
2011 |
191 954 |
181 958 |
373 912 |
2012 |
194 720 |
186 028 |
380 748 |
2013 |
199 283 |
187 910 |
387 193 |
2014 |
204 706 |
194 048 |
398 754 |
2015 |
204 745 |
193 648 |
398 393 |
2016 |
206 255 |
193 580 |
399 835 |
2017 |
200 683 |
188 487 |
389 170 |
2018 |
204 014 |
192 501 |
396 515 |
2019 |
206 223 |
193 756 |
399 979 |
2020 |
219 068 |
205 488 |
424 556 |
2021 |
228 076 |
215 192 |
443 268 |
2022 |
210 091 |
198 141 |
408 232 |
2023 |
200 654 |
188 204 |
388 858 |
барлығы |
3 558 100 |
3 361 031 |
6 919 131 |
БЖЗҚ Бағдарламаға қатысушы балалардың толық тізімін жыл сайын “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорынан алынған ресми мәліметтер негізінде қалыптастыратынын білген маңызды. Егер бала осы дерекқорға қосылған болса, ол автоматты түрде “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасының қатысушысы болады және оған бағдарламаға қатысқан барлық жылдар ішінде нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс есептелетініне кепілдік беріледі.
Егер бала қандай да бір себептермен “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорында болмаса және осы себепті бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізілмеген болса (бірақ оның қатысушы болуға құқығы болса), онда нысаналы талаптар келесі күнтізбелік жылы өткізіп алған кезең (өткізіп алған кезеңдер) үшін толық көлемде (инвестициялық кірісті қоса алғанда) есептеледі.
Бұл жағдайда балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеруге кеңес береміз:
· балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
·жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
· egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).
Егер балада:
· жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн;
· азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.
“Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.