Құтқарушылар аязда үсіген әйелге көмек көрсетті 

Құтқарушылар аязда үсіген әйелге көмек көрсетті 

Бүгін төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері Арқалық қаласы Мирный ауылының жанында қатты аяздан үсіген әйелді ажал тырнағынан құтқарып қалды.

“Қазір ол кісі реанимацияда. Бет пен сол қолының үсігі бар”, – дейді облыстық төтенше департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

Осы ауылдағы “Аружан” шаруа қожалығының басшысы жұмыскерін аман алып қалған құтқарушыларға алғыс айтты.

Барлығы 3 күнде 56 адам құтқарылды, оның алтауы бала. 72 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Жаңалықтармен бөлісу