Бүгін төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері Арқалық қаласы Мирный ауылының жанында қатты аяздан үсіген әйелді ажал тырнағынан құтқарып қалды.
«Қазір ол кісі реанимацияда. Бет пен сол қолының үсігі бар», – дейді облыстық төтенше департаментінің басшысы Қайрат Қасым.
Осы ауылдағы «Аружан» шаруа қожалығының басшысы жұмыскерін аман алып қалған құтқарушыларға алғыс айтты.
Барлығы 3 күнде 56 адам құтқарылды, оның алтауы бала. 72 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.