ДАРХАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ДАРХАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Дархан Қанапин күйші, композитор «Күй атасы» Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған 9-12 жас аралығында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Республикалық домбырашылар байқауында 1-орынға ие болып, лауреат атанды.

Аталған байқау 2023 жылдың 7-9 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен өтті.

Ұлтымыздың қос ішекті аспабының жарысына еліміздің барлық облысынан 80-ге жуық мықты домбырашылар қатысты.

Екі күнге созылған сайыстың салтанатты жабылу концертінде лауреаттар сахна төріне шығып, бір күйден ойнап шықты. Кіші топтан шыққан Дархан жалғыз өзі 1-орын лауреат атағын жеңіп алды.

“Менің арғы атам – Қанапия, өз атам – Ғалымбек домбыра тартқан. Әкем мен ағам да домбырада ойнайды. Мен төрт жасымнан бастап әкемнің алдында отырып, домбыра тарта бастадым. Осы сайысқа мені музыкалық мектептегі ұстазым – Алмагүл Мұратқызы дайындады. Байқау маған өте ұнады. Алғысымды әкем мен анама, бауырыма, музыкалық мектептегі ұстазыма білдіремін”, – дейді жас талант.

Тоғжан Әбдуалиева,

А.Байтұрсынұлы  атындағы ҚӨУ 3 курс студенті.

Жаңалықтармен бөлісу