Ел тарихында алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткен еді. Осыған орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов Федоров, Денисов аудандары мен Рудный қаласына барып, дауыс беру нәтижесімен сайланған әкімдерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, тапсырмаларын берді.
Федоров ауданының әкімі болып Тауба Қайыржанұлы Исабаев сайланды.
Еңбек жолын 1985 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы “Селетинский” совхозының қызметкері болып бастаған. Әр жылдары Қостанай, Федоров аудандарының әкімі қызметін атқарды.
Руслан Жоламанұлы Қатпаев Денисов ауданының әкімі болып сайланды.
Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай қаласында “Покровка” ЖШС бас экономисті, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары болып бастады. Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бөлім басшысы, кейін басшының орынбасары; “Қостанай Су” МКК жетекші маманы; Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы және Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Рудный қаласының әкімі болып Виктор Николаевич Ионенко сайланды.
Ол өзінің еңбек жолын 1992 жылы Таран ауданы Николаевский совхозының машина-трактор паркін пайдалану инженері болып бастаған. 1993 жылдан-прораб, одан кейін Таран ауданының “Монтажник” АҚ директоры; “Қостанайсельхозстроймонтаж” АҚ Таран филиалының бастығы. Әр жылдары Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Рудный қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі