Биыл Қостанай облысында жаңа мәдени нысандар салып, тозығы жеткен ғимараттар толығымен жөндеуге ерекше мән берілді. Бұған 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Нақты ақпаратты облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов жария етті.
«Алтынсарин ауданының Большой Чураков ауылында мәдениет үйі салынып жатыр. Жоба құны – 425,7 млн теңге. Бүгінде құрылыс жұмыстарының тең жартысы аяқталған. Сондай-ақ, Қамысты ауданының Арқа ауылында 120 орындық ойын-сауық үйінің құрылысы басталды. Бұған 573 млн теңге құйылған. Межелі жұмыс бел ортаға таяды. Дәл осындай орталық Ұзынкөл ауданының Троебрат ауылында да салыну үстінде. Жітіқара ауданының Пригородный ауылында та таяу болашақта су жаңа мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Мұнда құрылыстың көбі бітіп, азы қалған», – дейді басқарма басшысы.
Жандос ЖҮСІПБЕК