Облыста кадр тапшылығы мәселесі мәдениет саласын да айналып өткен жоқ. Шығармашылық және техникалық бағыттағы білікті маманға зәрулік көп мекемеде байқалып отыр. Спикердің айтуынша, оның бір себебі – өңірде тар бейінді мамандарды даярлайтын оқу орындарының жоқтығы.
«Бұдан бөлек, тұрғын үй мәселесі де әлі күнге өзекті. Сараптау қорытындылары көрсеткендей, облыстық ұйымдардағы 1280 қызметкердің 10 пайызында жалдамалы және басыбайлы баспана жоқ. Олардың басым бөлігі облыстық қазақ драма театрында жұмыс істейді. Осы тәріздес мәселелерді шешу жолында көптеген мүдделестерімізбен байланысты бекіте түсудеміз. Тұрғын үй түйткілін қала әкімдігі пысықтау үстінде», – деп ой түйіндеді мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Суретті түсірген Б.Көркембаев